Қазақстанның алғашқы ғарыш кемесін жасау «Байтерек» жобасының аясында қжүзеге асып жатыр. Бұл туралы Байқоныр кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссияның бесінші отырысында мәлім болды.
Жиын кезінде Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин отандық ғарыш кемесінің мерзімінен бұрын ұшырылатынын айтты. Қазір қазақстандық мамандарды ұшу сапарына дайындап, «Зенит» зымыран кешені жаңғыртылып жатыр.
Сондай-ақ, былтыр желтоқсан айында тараптар ғарыш айлағында пайдаланылмай тұрған керексіз нысандардан құтылу мәселесіне қол қойған еді. Биыл осы жоба аясында 95 нысан жойылыпты. Ресейлік тарап осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, тағы 300 жуық нысанды жою мәселесін көтерді. Бұдан бөлек, шенеуніктер Жұлдызды қалашықтың тұрмыс жағдайына да тоқталды. Енді Байқоңырдың әлеуметтік нысандары мен көпқабатты тұрғын үйлеріне көгілдір отын арзан бағамен жеткізілетін болады.