22 сағат ораза ұстайтын елді білесіз бе?

Осылайша исландиялық мұсылман жамағаты айналдырған екі сағаттың ішінде ауыз ашып, тарауық намазын оқып үлгеруі керек. Ауызашар ел астанасы Рейкьявик қаласындағы мешіттерде өтеді. 23:48-де азан шақырылады, содан кейін мұсылмандар ауыз ашып, намазға тұрады әрі сәресін ішіп үлгереді.

«Ораза уақыты ұзақ болса да мұсылмандар оны қиналмай ұстайды, өйткені, олар жұптарын жазбайды. Күндіз мұсылмандар осында келіп, ауызашар уақытына қарай ас әзірлейді, қасиетті Құранды оқиды. Алғашқы үш күн қиналасың, артынан үйреніп кетесің»,- деді Марокка тумасы имам Әбдіәзіз Улани «Анадолы» ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында.

Бұл мемлекетте тұрып келе жатқанына 4 жыл болған пәкістандық Имран Хұсейн шынайы иман келтірген адамның ораза қаншалықты ұзақ болса да ұстай алатынын айтады. Айта кетейік, Исландияда мұсылмандар жалпы халық санына шаққанда 0,5 пайызды (330 мың адам) құрайды. Олардың дені — мигранттар. 

Дереккөзihsan.kz