Басты бетЖаңалықтарХалық банкке...

Халық банкке Қазкомды сатып алуға рұқсат берілді

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамының еншілес ұйымына иелік етуге рұқсат беру туралы» 2017 жылғы 12 маусымдағы № 98 қаулысы қабылданды», — делінген Ұлттық банк сайтындағы ресми ақпаратта. Сонымен қатар, Халық банкіне Қазкоммерцбанктің банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы да қаулы қабылданған.

Ресми құжатта: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамының банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы» 2017 жылғы 12 маусымдағы № 99 қаулысы қабылданды», — деп жазылған.

Қазақстан халық  банкінің клиенттік базасы 7,4 млн адамды, ал белсенді клиенттері 70 процентті құрайды. 2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысында «Халық банкі» мен «Қазкоммерцбанк» Қазақстанның 33 банктері арасында активтерінің көлемі бойынша 1 және 2-орынды иеленді. Халық банкінің таза кірісі 38,5 млрд. теңгеге жетіп отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі кірістен 68 процентке артық.

 

Дереккөзinform.kz