Басты бет Қоғам Қазақстанда әйелдерге 287 мамандық бойынша жұмыс істеуге тыйым салынған

Қазақстанда әйелдерге 287 мамандық бойынша жұмыс істеуге тыйым салынған

Елімізде әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынған 287 аса зиянды, қауіпті және ауыр мамандық бар. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Елімізде металл өңдеу, құрылыс, тау-кен, металлургиялық жұмыстар, цемент өндірісі сынды 25 жұмыста әйелдердің еңбегін пайдалануға болмайды. Әйел адамдар барлығы 287 аса зиянды, қауіпті және ауыр мамандық бойынша істей алмайды. Мәселен, асфальтбетоншы, металл құюшы, қазандықшы, бульдозер, кран машинисті, суға сүңгуші, жол монтері, электр монтері.

Тыйым салу тізімі жыл сайын жаңарып отырады. Себебі, технологиялық процестердің енгізілуіне орай кейбір өндіріс түрлерінде адам денсаулығына зиян келмейді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version