Жаңа технологияның авторлары — Шанхай институты мен төменкөміртекті конверсия Лабораторясының ғалымдары.
Қазіргі таңда парниктік газдардың ауаға жайылуы жағынан Қытай алда тұр. Ғалымдардың жасап шығарған технологиясы осы мәселені шешуге арналған. Себебі, көмірқышқыл газы ауадағы парниктік газдардың ең көп таралған түріне жатады.
«Парниктің газдар тым инертті. Сол себепті де осыған дейін жасалған тәжірибелердің соңында метанол сынды химиялық заттар алынды. Ал біздің технологиямен оны екі немесе үш атомды көміртекке айналдыра алады. Мысалы, бензин»,-деді жоба авторларының бірі Чжун Ляншу.
Автордың айтуынша, бұл бензин өте таза. Оның құрамында жауын шақыратын нитрид пен сульфид жоқ.
Жаңа технологияның пайдасы зор болғанымен, қолданысқа жуық арада енгізілмеуі мүмкін. Құрылғы өте қымбат тұрады.