Басты бет Жаңалықтар Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшылығына Константин Бусыгин тағайындалды

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшылығына Константин Бусыгин тағайындалды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен РФ үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин Байқоңыр қаласы әкімшілігінің жаңа басшысы Константин Бусыгинді таныстырды.  

Константин Бусыгин 1965 жылдың 11 желтоқсан күні Ташкент қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын заңгер-халықаралық құқық маманы, «РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясы» жоғары кәсіби білім беру федералды мемлекеттік мекемесін тәмамдаған.

Түрлі жылдары Мәскеу қаласындағы Солнцево басқарма басшысы, «Ижмаш» ҮЕҰ бас директоры, Мемлекеттік шекараны орнықтыру бойынша федералды агенттіктің басшысы болып жұмыс істеген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version