Абай Бегей продюсерлік орталық ашады

Әнші Абай Бегей жас таланттардың өнер жолын ашатын продюсерлік орталық ашпақшы. Бұл туралы ол "Ел аузында" бағдарламасында айтты. 

«Алла қаласа, осы немесе келесі жылы продюсерлік орталық ашқым келіп отыр. Соны жақсылап қолға алып жатырмын. Басқа қалаларда, аудандар мен ауылдарда жүрген талантты жастардың танылуына себепші болмақпын»,- деді әнші.

Бағдарламада Абай Бегей өзінің үлкен сахнаға келіп, халыққа танымал болуына Лұқпан Жолдасовтың көмектескенін айтты. Әнші сол ағасынан үлгі алып отыр екен.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version