Абай Бегей продюсерлік орталық ашады

«Алла қаласа, осы немесе келесі жылы продюсерлік орталық ашқым келіп отыр. Соны жақсылап қолға алып жатырмын. Басқа қалаларда, аудандар мен ауылдарда жүрген талантты жастардың танылуына себепші болмақпын»,- деді әнші.

Бағдарламада Абай Бегей өзінің үлкен сахнаға келіп, халыққа танымал болуына Лұқпан Жолдасовтың көмектескенін айтты. Әнші сол ағасынан үлгі алып отыр екен.