Жарыс бағдарламасында көпшілік аламан бәйге – 25 шақырым, топ бәйге – 15 шақырым, жорға аттар жарысы – 7 шақырым, құнан бәйге – 7 шақырым, 2400 және 1800 метрге ұшқыр аттар жарыстары болды. Ұшқыр аттар жарысы бойынша (2400 және 1800м) сыйақы қоры – 63 млн 600 мың теңгені (200 мың доллар) құраса, ұлттық жарыс түрлерінің сыйақы мөлшері – 36 млн теңге (115 мың доллар). Сома жүлдегерлер арасында 5-ші орынға дейін бөлініп берілді.
Жарысқа барлығы – 150-дан астам еліміздің жүйріктері қатысқан. Сондай-ақ еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан өзге РФ, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Болгария мен басқа да елдерден қатысушылар келген.
Шара ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы», Астана Әкімдігі, Алматы облысының әкімдігі және «Қазақстанның бәйге түрлері қоғамы». Әлеуметтік серіктес «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.