Басты бетЭкономикаХалық банкі...

Халық банкі Altyn bank-ті қытайларға сатты

Транзакция мерзімі 2017 жылдың екінші жартысында аяқталады. Одан кейін Компанияның 40%-ы Халық банкінің иелігінде қала береді.

Altyn Bank-ті сатудың себебін «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова түсіндірді. Оның айтуынша, Қытай – қазақстандық бизнес үшін қызметтер мен тауарларды өткізу барысында үлкен мүмкіндіктерді ашатын келешегі бар нарық.

«Алтын банк» АҚ өз кезегінде өзінің қазақстандық клиенттеріне қажетті банктік қолдау көрсете алады – мысалы, теңгені тікелей юаньға айырбастау, саудалық қаржыландыру, қазынашылық операциялары және несиелендіру бойынша. CITIC Bank Алтын Банк үшін стратегиялық серіктес ретінде рөлін сомдап, оның мүмкіндіктерін кеңейтіп, мәртебелі халықаралық қаржы институты мәртебесін және өз бизнесінің мөлшері, сондай-ақ CITIC Bank технологияларына қол жеткізу мүмкіндігінің арқасында Алтын Банк нарықтағы өз ұстанымын күшейте алады»,- деді Шаяхметова ханым.

Айта кетейік, «Altyn Bank» АҚ Қазақстан нарығында «Қазақстан HSBC Банкі» АҚ ЕБ атауымен 1998 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Қазақстан Халық банкі оны 2014 жылдың қараша айында сатып алды.

«Altyn Bank» АҚ бөлімшелері Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында бар және Алматы қаласында екі бөлімше орналасқан.

ДереккөзNaryk.kz