Алматыдағы Бостандық ауданында екі күн ыстық су болмайды

Ауданның жылу жүйелері аумағындағы ескі арматураларды ауыстыру жұмыстарына байланысты, ыстық су екі күнге өшіріледі.  

Фото: Bnews.kz

«14 маусым күні таңғы сағат 8.00-ден 15 маусымның кешкі 18.00-іне дейін Бостандық ауданының Абай — Ерғалиев (Есентай өзені) — Тимирязев — Желтоқсан көшелері аймағында ыстық су өшіріледі»,- деп хабарлады «Алматы жылу жүйелері» ЖШС.

Компанияның хабарлауынша, ыстық су ескі арматураларды ауыстыруға байланысты уақытша өшіріледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version