Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық кәсіпкер Мәскеуден «Бауырсақ» дүкенін ашты

Қазақстандық кәсіпкер Мәскеуден «Бауырсақ» дүкенін ашты

«Бауырсақ» дүкені облыс орталығындағы «Сағып» шаруа қожалығының бастамасымен ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлайды.

Өткен жылы Мәскеуде «Қазақстандық тауарлар мен өнімдер» көрмесінде Ресей нарығына «Сағыптың» өнімдерін сату үшін екі жақты меморандум жасалған болатын. Нәтижесінде ресейлік нарыққа өз тауарларын экспорттау мақсатында аталған шаруа қожалық құрт жасауды өндірістік жобалар қатарына енгізді. Қожалық басшысы Төлеу Құшманованың айтуынша, мәскеуліктер 50 келіден астам құртқа тапсырыс беріпті. Қытайлықтар да құртқа, бауырсаққа сұраныс танытуда. Бұл күндері шаруашылық «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі арқылы 100 бас мал сатып алыпты. Қыс мезгілінде 20 келі ащы және тәтті құрт шығарылады. Келісі 2 мың теңге.

Айта кетейік, Астанада да қожалық жасайтын ұлттық тағам өнімдері сатылуда. Жалпы, кәсіпорынның тәулігіне 1 тонна, аптасына 5 тонна қымыз өндіруге мүмкіндігі бар. Қымыз цехтарында 30-ға жуық білікті маман еңбек етуде. Заманауи құрылғы қымызды 0,3, 0,5 және 1 литрлік шыны шөлмектерге құйып шығаруда.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version