Ардагер дипломат Шәкір Намазбаев дүниеден озды

«Шәкір Исламұлы еңбек жолының 14 жылға жуық мерзімін ҚР СІМ жүйесінде абыроймен атқарған. 1993 жылы ҚР СІМ-де Басқарма басшысы лауазымынан бастап, ҚР Үндістандағы Елшілігінің кеңесшісі, Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші, ҚР Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің Кеңесшісі, ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған», — делінген ҚР ИДМ-нің Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада.