Гүлшара Әбдіқалықова мен форумға қатысушылар ЭКСПО саябағы аумағында орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясының Бейбітшілік пен келісім аллеясының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Онда этномәдени бірлестіктердің және шығармашыл жастардың театрландырылған шеруі, халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің «Шеберлер ауылы» көрме-жәрмеңкесі, «Алға, Қазақстан!» флешмобы өтті.
Форумның соңында Мемлекеттік хатшы бейбітшілік және келісім энергиясы ғаламшардағы ең таза әрі игілікті энергия екенін атап өтті. Бейбітшілік пен келісім аллеясы арқылы жүріп өткен әр адам қонақжай әрі кең пейіл қазақ жерінің жылуына бөленетін болсын деген тілек айтылды.