Басты бет Мәдениет Ақан Сатаев жаңа фильмдеріне түсетін актерлерге кастинг жариялады

Ақан Сатаев жаңа фильмдеріне түсетін актерлерге кастинг жариялады

Актерлерді іріктеу «Көшбасшы жолы. Астана» және «Томирис» атты екі толық метражды көркем фильмге жүргізіліп жатыр.

Sataifilm кастинг-директорының ассистенті Әйгерім Абылханова жаңа жобалар мен ондағы актерлерге қойылатын талаптар туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, Астанадағы кастингке 2 мың адам келген.

Толық метражды қойылымы күрделі «Томирис» фильмінің түсірілімі 2018 жылға жоспарланған. Бұл тарихи фильм болмақ. Мұнда әртүрлі типаждар көрсетіледі.

«Актерды таңдауда ең басты қойылатын талап — оның дарыны. Егер адам бұрын киноға түссе, ол бірден білінеді. Барлығы суретке түсуден басталады. Камера адамның сыртқы келбетін анық көрсетеді. Бұл басты кейіпкерді таңдауда аса маңызды. Кейбір адамдар дайындықсыз көшеден келсе де, сахнада ашылады», — дейді Sataifilm кастинг-директорының ассистенті.

Кастинг шілде айының соңында аяқталады. Нақты таңдау қыркүйекте жасалады. Актерлық құрам бекітілгеннен кейін «Көшбасшы жолы. Астана» фильмінің түсірілімі басталады.

2 пікір

  1. Дарынды режиссер! Ақанның қойған фильмдері өте ұнайды. Әсіресе, тарихымыздағы тұлғалар жайындығы фильмдері.Ақанды «Еуразия жүлдесімен» шын жүректен құттықтаймын, жаңа белестер мен шығармашылық табыс тілеймін.
    А. Сейдімбектің «Аққыз» повесі желісінде фильм түсірсе ғой, шіркін! Және оны А. Сатаев түсірсе!..

  2. Шыныменде Ақан Сатаев ағамыздың түсірген кинолары өте жақсы. Биік шыңдардан көріне берсін деп тілеймін!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version