Басты бетМәдениетАқан Сатаев...

Ақан Сатаев жаңа фильмдеріне түсетін актерлерге кастинг жариялады

Sataifilm кастинг-директорының ассистенті Әйгерім Абылханова жаңа жобалар мен ондағы актерлерге қойылатын талаптар туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, Астанадағы кастингке 2 мың адам келген.

Толық метражды қойылымы күрделі «Томирис» фильмінің түсірілімі 2018 жылға жоспарланған. Бұл тарихи фильм болмақ. Мұнда әртүрлі типаждар көрсетіледі.

«Актерды таңдауда ең басты қойылатын талап — оның дарыны. Егер адам бұрын киноға түссе, ол бірден білінеді. Барлығы суретке түсуден басталады. Камера адамның сыртқы келбетін анық көрсетеді. Бұл басты кейіпкерді таңдауда аса маңызды. Кейбір адамдар дайындықсыз көшеден келсе де, сахнада ашылады», — дейді Sataifilm кастинг-директорының ассистенті.

Кастинг шілде айының соңында аяқталады. Нақты таңдау қыркүйекте жасалады. Актерлық құрам бекітілгеннен кейін «Көшбасшы жолы. Астана» фильмінің түсірілімі басталады.

ДереккөзInform.kz