Басты бетҚызметтік көліктер...

Қызметтік көліктер бақылауға алынады

1 тамызға дейін аймақтағы барлық атқарушы органдардың көліктеріне белгі қойылуы тиіс. Бұл қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланумен күресуге бағытталған. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай шешімге келді.

Айырым белгі Қарағанды облысында ғана болады. Егер қызметтік көлік жұмыс уақытында және одан тыс рұқсат етілмеген жерде тұрса, аймақ басшылығы 8-7212-504102 немесе 1424 (Мемлекеттік қызмет агенттігінің call-орталығы) нөміріне хабарласуды ұсынып отыр.

ДереккөзTengrinews.kz