Басты бетЖаңалықтарЭКСПО кешеніне...

ЭКСПО кешеніне қалай тез жетуге болады?

«Көлік қоятын орындар келесі мекен-жайлар бойынша орналасқан: Елорда саябағы, «Қазақстан» СК, Оқушылар сарайы, «Астана арена», «Барыс арена» стадиондары, «Думан» ОСО, қала саябағы, бейбітшілік және келісім сарайы, Мәңгілік Ел және Тұран даңғылдары, «Music Hall» мейрамханасы, «Алатау» СК, 31-көше, «Хан Шатыр» ОСО», — делінген Астана LRT компаниясының хабарландыруында.

Толығырақ мына карта арқылы таныса аласыздар: https://yandex.kz/maps/-/CBQeqJGULA.

«Көліктеріңізді тастап, аялдамаларға сирек тоқтайтын (орташа есеппен 8) ЭКСПО аумағының бойымен өтетін Shuttle Bus автобусымен 7  бағыт бойынша қатынай аласыздар. Автобустар таңертеңгі сағат 6.50-ден түнгі 23.46 дейін жүреді», — делінген баспасөз парағында.

Shuttle Bus бағыттарының интерактивті картасы: https://yandex.kz/maps/-/CBQeJDt-2C

Жүру аралығы – 5-20 минут. Билет құны – 150 теңге.

Бағыттар:

№503: «Алай» көлік хабы –«Арнау» ТК

№504: «Достар-1» ТК – клиникалық-бейімдеу орталығы

№506:  «Кенмарт» СОО – «Қазанат» ипподромы

№500: халықаралық әуежай –  «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы

№502: «Астана» теміржол вокзалы – «Арнау» ТК

№501: «Рахмет» ОСО– клиникалық-бейімдеу орталығы

№505: «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы –  «Арнау» ТК

ДереккөзAstana.gov.kz