9 жылдан астам уақыттан бері білім беру мекемесін басқарып келе жатқан Смит жыл сайын жағдайдың күрделеніп бара жатқандығын айтады. Балалар интернетте түннің бір уағына дейін отырып, бір-біріне хабарлама жазудың салдарынан ұйқылары қанбай шаршап жүретін көрінеді.
Смит алдымен балаларға жаздың әрбір сейсенбісін ұялы телефон сияқты электронды құралдарсыз өткізуді ұсынған. Ата-аналар да ұстаздың бұл бастамасын бірауыздан қолдаған.
Ұстаз оқушылардың гаджеттерді аптасына бір күн болса да пайдаланбағаны үшін ақшаны қалтасынан төлеуге дайын.