Қазақстандық режиссердің «Эдип тұратын жақта» қысқа метражды фильмі Австрияда «Үздік эксперименттік фильм» номинациясына ие болды.
Қысқа метражды фильмнің режиссері, сценарий авторы және қоюшы-операторы — Бахтияр Исламов, продюсері — Дарья Корнеева. Фильм Алматы облысында түсірілді. Ленцингте фильмнің тұсаукесері өтті. Төрешілердің айтуынша, фильм кадр айқындылығымен ерекшеленеді. Бұл — соңғы бірнеше жылда фестивальға Қазақстан атынан ұсынылған бірінші фильм.
«Үздік эксперименттік фильм» номинациясын Қазақстан алғаш рет иеленіп отыр.
Айта кетейік, «Festival of Nations» — Австриядағы ертеден келе жатқан коммерциялық емес қысқа метражды фильмдер фестивалі, UNICA ұйымы (ЮНЕСКО мүшесі) және Австрия үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Фестивальге жылына әлемнің 55 мемлекетінен 1000-нан астам өтініш түседі.