Геология комитетінің төрағалығына Ақбатыр Надырбаев сайланды

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің бұйрығымен Геология комитетінің төрағасы болып Ақбатыр Надырбаев сайланды.

Ақбатыр Алуадинұлы1957 жылы Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында дүниеге келді.

1980 жылы тау-кен инженер — геолог мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын бітірген. Еңбек жолын Қарағанды облысының Қарағайлы ауылында Қарғалы ГБЭ геологі, аға геологі болып бастаған.

1984 жылдан 1993 жылға дейін Ақтөбе облысы «Батысқазгеология» Қарғалы ГБЭ геолог, отряд бастығы, бас геолог қызметтерін атқарды.

1993 жылдың қазан айынан бастап Батыс Қазақстан өңіраралық геологиялық басқармасының бастығы, 1994 жылдан былай «Ақтөбегеология» АҚ Қарғалы геологиялық барлау экспедициясының бастығы болды. Одан кейін Батыскенгеология» АҚ Ақтөбе ГТЭ бас геологі, «Южно-Уральское» ЖШС аға геологі болды.

1999 жылдың ақпан айынан бастап «Батысқазжерқойнауы» АБ минералды шикізат базасын талдау және бағалау бойынша басқарма бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

2008 жылдың шілде айынан «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаментінің басшысы болды.

2012 жылдың тамыз айында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2014 жылдан бүгінге дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.