Басты бетЖаңалықтарПакеттік роуминг...

Пакеттік роуминг ұсыныстарды қалай тиімді қолдануға болады?

Арнайы акциялар мен тарифтер ТМД, Еуропа, Азия мен Африкадағы көп бағытқа қарастырылған. Айталық, Kcell Travel қызметін қосқаннан кейін шығыс қоңыраулары мен қолданылатын интернет-трафик құны стандарт бағамен салыстырғанда, орташа есеппен 78-98%-ке азаяды. Бұл қызметті пайдаланушылар үшін 1 шілдеден бастап, әңгімелесудің бір минутының, SMS-тің немесе мегабайттың құны ТМД елдерінде 59 теңге және қалған елдерде әлемнің 58 мемлекетінің кез келген операторының желісінде 69 теңге болады.

аctiv-тің «Супер роуминг» қызметіне қосылған абоненттері 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, стандарт ұсыныстың 87%-інен 98%-іне дейін үнемдейді. Бұл жағдайда Еуразия одағына мүше мемлекеттер үшін тарификация 35 теңгеден басталады. ТМД-ның басқа елдері, Азия, Америка, Африка елдері үшін әңгімелесудің бір минутының, бір SMS-тің немесе интернет-трафиктің бір мегабайтының құны 55 теңге болады.

Kcell мен activ абоненттері үшін роумингке арналған пакеттік ұсыныстар да қарастырылған. Тарифтің таңдалған әрекет ету кезеңі (7 немесе 10 күн) мен қосылған қызметтердің көлеміне (дауыс байланысы, қысқа хабарламалар және интернет) қарай мұндай пакеттердің бағасы 1190 теңгеден басталады.

Компания өкілдері қолданыстағы бейілділік бағдарламаларын да абоненттердің есіне салады, бұл бағдарламалар отельдерден жеңілдікпен алдын ала орын алып қоюға немесе кейін әуе билеттерін сатып алуда қолдану үшін балл жинауға мүмкіндік береді.

«Биыл бізде шетелге шығатын абоненттерімізге арналған әртүрлі ұсыныстардың жиынтығы едәуір кең. Қажеттілігіне қарай әркім өз тарифін таңдай алады – біреуге әңгімелесуге көп минут қажет, біреу интернетте сөйлесуді артық көреді. Біз клиенттеріміздің қалауын мейлінше ескеруге тырыстық. Тағы бір жақсы жаңалық – жуық арада біздің компанияның абоненттері Түркия, Қырғызстан, Грузия, Әзірбайжан, Гонконг, Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, Швейцария, Австрия және Чехиядағы серіктестеріміздің желісінде 4G шапшаң интернетін қолдана алады», — деп атап өтті «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің жетекшісі Наталья Еськова.