«Қала бойынша 1 мен 10-сыныпта 24 мыңнан астам бала оқиды. Олардың барлығы дерлік жазғы демалыс маусымын ойдағыдай өткізетін болады. Біз 22 мектеп жанындағы лагерді іске қостық. Одан бөлек, қала сыртындағы лагерлерге арнайы жолдамамен жібереміз. 200-ден астам көгалдандыру бригадаларын құрып, оған 4 мыңға жуық баланы тартып жатырмыз. Ал мына «Жас ұлан» шатырлы лагерінде жаз маусымында 2200 бала тынығатын болады» деп атап өтті қала басшысы.
Демалыс орнының ашылуында балалар бар өнерін ортаға салды. Әуелете ән айтып, мың бұрала би биледі. Оқушылардың флеш-мобы да көпшілік көңілінен шықты. Шатырлы лагердің алғашқы демалушылары қаладағы № 9 және № 11 мектеп оқушылары.
2 гектардан астам аумаққа орналасқан «Жас ұлан» лагерінде 15 шатыр тігілген. Оны жатын орындар болса, қалғандарында асхана, штаб, мед пункт, демалыс бөлемелері орнатылған. Сондай-ақ, лагерь ішінде арнайы сахна мен би алаңы, футбол мен волейбол алаңы, үстел теннисі, бассейн мен душ кабиналары бар.