«Қазақтың лиро-эпостық жауһар жыры «Қыз Жібек» махаббат гимні десе болады. Осы эпос негізге алынған бұл туындыға да Қыз Жібек пен Төлегеннің жүрек тербірентер қайғылы махаббаты арқау болған. Оқиғалар негізінен жағалбайлы руынан шыққан батыр Төлеген, шекті руының сұлуы Жібек және ел арасында ержүректігімен, күш-қайратымен аты шыққан батыр Бекежан арасындағы қарым-қатынастар төңірегінде өрбиді де, ақыры Төлеген қызғаныштың құрбаны болады. Сүйгенінсіз Жібекке де өмір жоқ»,- деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.
Жаңа драманың қоюшы-режиссері — Елік Нұрсұлтан. Қойылымда С.Бақаева, А.Шаяхметов, Е.Дайыров, А.Киркабаков, М.Тағанов, Ш.Асқарова, Ш.Жанысбекова, Г.Тутова, Б.Тұрыс, Б.Әбділманов, С.Мерекеұлы, Ж.Толғанбай, З.Карменова, Д.Үсенова, Ж.Жаныаманова, К.Шаяхметова, Ж.Мақажанова, А.Жұмабаев, Ж.Тинбаев, А.Бақытжанова сынды басқа да көптеген театр артистері өнер көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, 14 маусым күні 91 маусымның жабылу салтанаты өтеді.