Алматы облысының екі азаматы үйде қарапайым принтермен арнайы қағазды пайдаланып, жалған бес және он мың теңге басып шығарған. Жалған ақшаны олар облыс аумағындағы шағын дүкендер мен жол бойындағы саудагерлерге өткізіп, тауар сатып алып отырған.
Экономикалық тергеу қызметінің мамандары күдіктілердің үйінен жалпы сомасы 170 мың теңгені құрайтын жалған валюта мен қажетті құралдар тәркіледі.
Қазір ұсталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 231-бабы, яғни жалған ақша немесе бағалы қағаз жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.