Басты бет Қоғам Мешітте «Әумин» деп қатты дауыстаған адамға 80 мың теңге айыппұл салынды

Мешітте «Әумин» деп қатты дауыстаған адамға 80 мың теңге айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімшілік соты қырық жастағы Марат Мұханбетовке мешітте намаз оқыған кезде "Әумин" деп қатты айқайлағаны үшін айыппұл салды.

Көрнекі сурет: Абдул Хамид Қаттани мешіті © Мақсат Шағырбаев

«Мұханбетов діни рәсімі бұзып, діни қызметкерді сыйламады», — делінген сот шешімінде. Ер азаматқа 80 мың теңге ($250) көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді.

Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің таратқан мәлімдемесінде айыппұл салынған Мұханбетов дәстүрлі емес діни ағымды, яғни салафизмді ұстанады делінген. Айыпталушының өзі кінәсін мойындамайды. Ол айыппұл төлеуге мүмкіндігім жоқ, мүгедек ата-анамды бағып отырмын дейді.

Салафизм ағымын ұстанушылар намаз оқыған кезде, «Әумин» сөзін қатты дауыстап айтады. Ал қазақтың дәстүрлі ислам дінінде іштей немесе жәй ғана айтылуы тиіс.

Дәл осындай сот шешімі Жаңаөзен қаласында да шыққан.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version