Басты бет Қоғам Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесі салтанатты түрде ашылады

Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесі салтанатты түрде ашылады

Бүгін кешкі сағат 19.00-де Әлемнің 20-ға жуық елінің басшылары мен үкімет мүшелері қатысатын ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу салтанаты болады. Қазақ елінің абройын асқақтатар көрмеге 100-ден астам мемлекеттің делегаттары қатысады.

Іс-шара Мемлекет басшыларының Көрме орталық экспозициясы — Сфераның (Нұр Әлем) Қазақстан павильонына келуінен басталады. Олар Көрмені аралып, Қазақстан экспозицияларын тамашалайтын болады.

Әрі қарай Мемлекет басшылары Көрме аумағы мен қатысушы елдердің павильондарымен танысады.

ЭКСПО-2017 Көрмесінің Ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтеді және Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасатын болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып фейерверкті тамашалайды.

Салтанатты ашылу рәсімін барлық республикалық арналар тікелей эфирде көрсетеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version