«Астана арландары» финалға шықты

Лондонда өткен бокс кешінің шаршы алаңына шыққан бес қазақстандықтың төртеуі жеңіске жетті.

Алдымен Олжас Сәттібев Ниалл Дин Фаррелден басым болды.

Екінші болып рингке көтерілген Закир Сафиуллин Чед Милнспен болған кездесуде қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Закирдің жеңісінен соң қалған үш кездесудің қортындысына қарамай қазақстандық команда финалға шыққаны белгілі болған. Себебі апта бұрын Қостанайда өткен жартылай финалдың алғашқы кездесуінде «Арландар» қарсыласынан 4-1 есебімен басым түскен болатын.

Лондон төріндегі үшінші жекпе-жек те қазақ ұланының жеңісімен аяқталды.

«Астана Арландары» намысын абыроймен қорғап жүрген Асланбек Шымбергенов ел намысы сынға түскен сәтте сырағылық танытты. Оған қарсы шыққан Кумар Манодж қазақстандыққа еш айла көрсете алмады.

Өкінішке орай 81 келіге дейінгі салмақтағы отандасымыз Арман Рысбек қарсыласы Томас Уиттакер-Хартқа есе жіберіп қойды.

Соңғы кездесуде Нұрсұлтан Аманжолов та британиялық спортшыдан жеңіліп қалды.
Дегенмен қос кездесу қортындысында «Астана Арландары» 7-3 есебімен жеңіске жетті. Ендігі жерде қазақстандық команда алаңсыз финалдық кездесуге дайындалатын болады.
Олардың финалдағы қарсыласы «Куба Домадорес» және «Колумбия Хероикос» кездесуінің жеңімпазы болады. Бұл кездесу ертең түнде өтеді. Аталған жұптың алғашқы кездесуінде колумбиялық команда 3-2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Әзірге финалдық кездесудің қай елде өтетіні белгісіз.

ДереккөзProsports.kz