Астанада қалалық ІІД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің басшылығымен тәртіп сақшылары сап түзеді. ІІД басшысы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде, әсіресе, қылмыстар мен заң бұзушылықтардың алдын алуда және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бір қатар тапсырма жүктеді.