Басты бет Жаңалықтар Елназ Нұрсейітова «ТМД елдері аруының» 10-дығына енді

Елназ Нұрсейітова «ТМД елдері аруының» 10-дығына енді

"Қазақстан вице-аруы" Елназ Нұрсейітова "ТМД елдері аруы" байқауында топ жарып, алғашқы 10-дыққа кірді.

Алғашқы 10-дық құрамына енуімен қатар, «2016 жылғы Астана аруы» Елназ Нұрсейітова ТМД елдерінің фотомоделі атағын жеңіп алды.

Байқау Армения астанасы Ереванда өтті. Сұлулық бәсекесінің финалында 23 қыз бақ сынасты. Қазылар алқасында Армениядан 3, қалған елдерден 4 адамнан қазылық етті.

Екі аптаға жалғасқан байқауда арулар тек қана сыртқы келбетін ғана көрсетпей, ішкі жан дүниесін де паш етті. Нәтижесінде армян аруы Шушан Ерицян ТМД-ның ең сұлу аруы атанды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version