21 тіл білетін екі полиглоттың диалогы (Видео)
Ең көп тіл білетін екі полиглот 21 тілде сөз сөйлесіп, таң-тамаша етті. Нидерландиялық видеоблогер және полиглот Ваутер Кордюэнер Македониядан келген Заансе Сханс есімді азаматпен сөз айқасын ұйымдастырды. Кордюэнердің айтуынша, оның әңгімелескен адамы 35 тіл біледі екен. Бірақ олар екеуі де жатық сөйлейтін 15 тілде айтысуға келіскен. Айта кетер жайт, сөз таластыру барысында Сханс өзінің тағы алты тілді білетіндігін көрсеткен.