Басты бетГеннадий Головкин...

Геннадий Головкин өзінің жанкүйерлерін Лас-Вегасқа шақырды

Тақауда Головкин мен «Канелоның» шайқасы Лас-Вегаста өтетіндігі жайлы ресми хабар тарады. Кездесу  20 мың адам сиятын T-Mobile Arena стадионында өтеді. Геннадий бұл жерге бірінші рет келе жатса, мексикалық боксшы мұнда екі рет жұдырықтасқан. 

GGG кәсіби боксқа ауысқалы осындай айқасты аңсағанын айтады.

«Бұл нағыз чемпиондық деңгей болмақ, сондықтан да біз жанкүйерлерімізге өте жарқын сәттерді сыйлайтын боламыз», — дейді Головкин.

Бұл жекпе-жекке Головкин төрт титулын, «Канело» да өзінің чемпиондық белбеуін бәске тікті. Ал,  HBO телеарнасы кездесуді  ақылы трансляциялар жүйесі (PPV)  арқылы тарататын болады.

ДереккөзKazdala.kz