Нұрлан Нығматулин: Мемлекет қаражатын процесс үшін емес, нәтиже үшін тексеру керек

Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның пленарлы отырысында Үкіметтің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өткен жылға арналған есебін қарастыру барысында әзірленген материалдардың сапасы және тексерлуі жөнінде пікір білдірді. Ол көптеген материал тексеру үшін сотқа жетпей қалатындығын айтты.

Нұрлан Нығматулин. Фото: Parlam.kz

Мәжіліс спикері Есеп комитетінің құқық қорғау органдарына тексеруге жіберетін көптеген материалы әрі қарай тергеу үшін сотқа дейін жетпейтіндігін мәлімдеді.

«Көбінесе бұл ұсынылған материалдың сапасының төмен болуына байланысты. Өйткені, тексеру процесі емес, оның нәтижесі маңызды: қайтарылған шығынның көлемі, жауапкершілікке тартылған кінәлілердің саны. Себебі біз көбіне бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерінің жауапкершілігі туралы айтамыз. Бірақ тексерушілерге де қойылатын сауалдар бар екен», — деді Нығматулин.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, тексеретін және тексерілетін тараптардың өзара ортақ жауапкершілігі болған жағдайда ғана мемлекет қаражатын пайдалануды реттеуге болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version