Мәжіліс спикері Есеп комитетінің құқық қорғау органдарына тексеруге жіберетін көптеген материалы әрі қарай тергеу үшін сотқа дейін жетпейтіндігін мәлімдеді.
«Көбінесе бұл ұсынылған материалдың сапасының төмен болуына байланысты. Өйткені, тексеру процесі емес, оның нәтижесі маңызды: қайтарылған шығынның көлемі, жауапкершілікке тартылған кінәлілердің саны. Себебі біз көбіне бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерінің жауапкершілігі туралы айтамыз. Бірақ тексерушілерге де қойылатын сауалдар бар екен», — деді Нығматулин.
Мәжіліс төрағасының айтуынша, тексеретін және тексерілетін тараптардың өзара ортақ жауапкершілігі болған жағдайда ғана мемлекет қаражатын пайдалануды реттеуге болады.