Басты бет Жаңалықтар Қайрат Жамалиевтің дүние-мүлкі сатыла бастады

Қайрат Жамалиевтің дүние-мүлкі сатыла бастады

Әліби Жұмағұловты айуандықпен ұрды деп 13 жылға сотталған Қайрат Жамалиевтің дүние-мүлкі сатыла бастады. Астана қалалық мемлекеттік мүліктер және жекешелендіру департаменті Жамалиевқа тиесілі болған Ламборджини көлігін саудаға қойып отыр. Экс-бизнесменнің темір тұлпары қанша миллионға бағаланғаны және қашан сатылатыны туралы астаналық тілшіміздің эксклюзивті материалынан көре аласыздар.

«Әліби ісі» деген атпен елді шулатқан сот процесіне қатысты соңғы шешім былтыр 7 тамызда шыққан болатын. Сол кезде судья басты айыпталушы Қайрат Жамалиевті кінәлі деп танып, 13 жылға бас бостандығынан айырған еді. Онымен қоймай Жамалиевтің әртүрлі бизнестегі үлестерін тәркілеп, жеке мүліктерін де мемлекет иелігіне алу туралы үкім айтқан-ды.

әліби қайрат

Иа, айып тұрағында полицейлер қасында суретке түсетін Ламборджини. Шығарылғанына 3 жыл ғана болған қымбат көлік енді сатылмақшы. Әлі күнге Жамалиев мырзаға тиесілі қымбат нөмірі де шешілмеген. Экс-бизнесменнің темір тұлпары 47 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Қандай көлік? Алтын жалатылған көлік пе? Түсінбеймін ондайды. Аукционға сатқанда арзан бағаға өту керек қой. 47 миллион деген масқара ғой. Ел қазір күн көре алмай жүр. Жұмыс таба алмай жүр.

Қарапайым халыққа 47 миллион қол жетпес арман болса, кейбір жандар үшін қалыпты жағдай сияқты. Өйткені, аукцион ағылшын әдісімен өтетіндіктен, Ламборджинидің құны әлі де өсуі мүмкін. Бәссауда 5 ақпанға белгіленген. Қымбат көлікті алғысы келетіндер алдын ала 7 миллион теңге жарна өткізуі керек.

Жаңа Ламбарджини Галлардо көлігі 2-3 жыл бұрын 400 мың долларға бағаланыпты. Яғни, Жамалиев мырзаның мінгені жарты құнын жоғалтты деген сөз. Соның өзінде Астанадағы 3 немесе 4 бөлмелі пәтердің бағасымен пара-пар екен.

Бұдан бөлек Қайрат Жамалиевтің тағы 2 көлігі тәркіленген болатын. Онымен қоса әртүрлі бизнестегі үлестері тағы бар. Мемлекет иелігіне алынған бұл активтердің қашан және қаншаға сатылатыны әзірге белгісіз.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version