Басты бет Жаңалықтар Малайзия туристерге арналған салық түрін енгізеді

Малайзия туристерге арналған салық түрін енгізеді

Малайзия билігі 1 тамыздан бастап елге келушілерге «туристік салық» енгізеді. Салық сомасы турист таңдаған қонақ үй санатына байланысты болады. Бұл туралы New Straits Times газеті жазды.

Қонақүйге тұрақтаған жергілікті және шетелдік тұрғындардың барлығы да салық төлегенде, олардың саяхаттау мақсаты ескерілмейді.

Бес жұлдызды қонақ үйде тұру үшін шекті баға 20 рингит (4,6 доллар), төртжұлдыздыда — 10 рингит (2,3 доллар), үшжұлдыздыда — 5 рингитті (1,2 доллар) құрайды.

Малайзияның Туризм және мәдениет министрі Назри Абдул Азиз егер Малайзия қонақүйлері кем дегенде 620 пайызға толығатын болса, қазынаға мұндай салық түрінен 654 млн рингит ($153 млн) түсім түсетінін алға тартып, туристерге арнайы салық түрін енгізетіндерін айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version