Басты бетЖаңалықтарҚырғызстанда Facebook...

Қырғызстанда Facebook қолданушыларына қатысты іс қозғалды

Мекеменің хабарлауынша, Facebook желісін қолданушылар Жалал-Абад облысындағы Масы ауданында болған оқиғаға қатысты ұлтараздыққа себеп болған. Бұған қатысты Қырғызстанның Қылмыстық кодексі бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Анығырақ айтсақ, мамырдың 17-нен 18-не қараған түні 22 жастағы жергілікті тұрғын ауылдасымен сөзге келіп қалып, оған төрт рет пышақ сұғып, қашып кеткен. 20 мамырда зардап шегушінің туыстары милиция қызметкерлеріне шағым түсірген. Кейіннен күдіктіні қырғыз-тәжік шекарасында тұтқындаған. Оған бұзақылық жасады деген айып тағып, екі ай мерзімге қамауға алынды.

Әлеуметтік желілерде осы оқиға үлкен пікірталас туғызды. Тіптен кейбір қолданушыларға арандатушылық пікір жазғаны үшін арнайы қызмет қылмыстық іс қозғады.

ДереккөзCentralasian.org