Джеки Чанды Астана әкімі Әсет Исекешев пен «Қазақстан» РТРК басшысы Ерлан Қарин әуежайдан күтіп алды.
Бүгін актердің қатысуымен Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты болады.
Фестиваль «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында өтеді. Шараның басты ұйымдастырушылары — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы.
Еске сала кетейік, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.