Жолаушылар пойыздарындағы қызмет көрсету сапасын жақсарту және жолаушылармен кері байланыс орнату мақсатында жаңа жоба пилоттық режимде іске қосылды.
Енді жолаушылар 14-33 нөміріне қоңырау шалып, өзінің үндеуін тіркеп, операторға өзінің байланыс деректерін қалдыра алады. Қазіргі таңда Call-орталық арқылы бірінші үндеулер тіркелді, оларға тиісті жауаптар берілген.
Бұл жүйе шағымдардың санын азайтуда нақты шаралар әзірлеу және қолдану, келіп түскен шағымдарға мерзімді талдау жасау және жолаушылардың талаптарын қанағаттандыру бойынша жедел шаралар қолдану үшін «Транстелеком» базасында бірыңғай Call-орталық арқылы жұмыс істейтін болады.