Басты бет Жаңалықтар ЭКСПО-ға келген туристер есебінен қанша қаржы түседі?

ЭКСПО-ға келген туристер есебінен қанша қаржы түседі?

Бір турист ЭКСПО үшін Астанада орта есеппен 1 апта болады деп есептесек, әр турист қала қазынасына 400 доллар кіріс кіргізеді.

“Әр туристің орташа жұмсайтын ақшасы шамамен 400 доллар. Өткен жылғымен салыстырғанда биыл Қазақстанға келушілер саны 5-6 есе артады”, –  дейді “Қазтур” агенттігінің директоры Алтай Омаров.

Агенттік басшысының айтуынша, Қазақстанда туристер үшін ең тартымды жерлердің қатарында Көлсай көлі, Шарын және тағы басқалары бар. Дегенмен, ең басты жерлер ретінде Алматы мен Астана қалалары есептелінеді.

Омаровтың есебінше, Алматыда әр турист орта есеппен 50-70 доллар күніне жұмсайды.

Айта кетейік, ЭКСПО ұлттық компаниясы шараға 2 млн адам келетінін мәлімдеген. Соның ішінде 15 пайызы шетелдік болатынын ескерсек, ЭКСПО Қазақстан туризміне 120 млн доллар кіріс кіргізбек.

Дегенмен, бұл — алдын ала есептеу.

Еске салайық, Алматыға Универсиада үшін 30 мың турист келеді деген алдын ала мәлімдеме жасалды. Алайда қала әкімі Бауыржан Байбек шара біткеннен кейін оған тек 2 мың адамның, яғни 15 есе аз адамның келгенін хабарлады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version