Басты бет Жаңалықтар Ләйлә Сұлтанқызы «Балапан» басшылығынан кетті

Ләйлә Сұлтанқызы «Балапан» басшылығынан кетті

Әйгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы “Балапан” телеарнасының басшысы қызметінен кетті. Енді оның орнын Жанар Шәмел басты.

“Балапанның” басшысы ауысып, Лəйлə Сұлтанқызының орнына Жанар Шәмел ханым келіпті. Бұл ауыс-түйістен де көп үміт күтеміз. Сонымен атқа мінгендерді құттықтап, түскендерге сабыр тілейміз”, – деп жазды Арман Сқабылұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі тұңғыш балаларға арналған «Балапан» телеарнасы 2010 жылдың 27 қыркүйегінде құрылған болатын. Ал Ләйлә Сұлтанқызы 2012 жылдың 4 мамырынан бастап аталмыш телеарнаны басқарды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version