Басты бет Жаңалықтар Шетелден Қазақстанға аударылатын қаражат көбейіп жатыр

Шетелден Қазақстанға аударылатын қаражат көбейіп жатыр

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанға шетелден ақша аударылған транзакциялар саны 311,6 мың болған.

Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда, 19,8 пайызға немесе 51,6 мыңға көп.

Қазақстанға шетелден аударылған қаржы көлемі 2017 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 56,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 26,9 пайызға немесе 11,9 млрд теңгеге көп.

Шетелден қаражат аударуда көлемі жағынан Золотая корона мен Western Union жүйелері лдыңғы қатарда тұр. Олар нарықтың 65,9 пайызын игеріп отыр.

Елімізге наурыз айында шетелден 21,5 млрд теңге аударылған. Ал транзакциялар саны бір ай ішінде 20,1 пайызға артқан.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version