Жанат Жақияновтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?

Латынамерикалық журналист және комментаторы Армандо Мендоза жеңіл салмақтағы WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновтың (27-1, 18 КО) келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтып берді.

Мендозаның ойыынша, Жанат Жақияновтың келесі қарсыласы британдық Ли Хаскинс (34-3, 14 КО) болуы мүмкін.

«Егер ол өзінің келесі кездесуінде отандасы Раян Барнетті (16-0, 9 КО) жеңетін болса, мен оның менеджері болатын болсам, Жақияновпен келіссөздерді бастап кететін едім. Қазақстандық боксшы Англия жерінде жекпе-жек өткізуге қарсылық білдіреді деп ойламаймын. Оның командасы Англияда орналасқан ғой», — дейді Мендоза.

Айта кетейік, 33 жастағы Хаскинс жеңіл салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуінінің иегері. Бұл атақты ол 10 маусым күні 25 жастағы отандасы Раян Барнетке қарсы жекпе-жекте қорғайды.

Бұған дейін Жақияновтың менеджері Филлип Фондю қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегінде IBF немесе WBC тұжырымдарының чемпиондық белбеуіне таласатынын айтқан еді.

Еске салайық, 33 жастағы Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында 30 жастағы америкалық Роуши Уорреннен (14-2, 4 КО) төрешілердің шешімі бойынша үстем түсіп, WBA (Super) және IBO чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Кейіннен ол өз еркімен IBO чемпиондық белбеуінен бас тартты. 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version