Мендозаның ойыынша, Жанат Жақияновтың келесі қарсыласы британдық Ли Хаскинс (34-3, 14 КО) болуы мүмкін.
«Егер ол өзінің келесі кездесуінде отандасы Раян Барнетті (16-0, 9 КО) жеңетін болса, мен оның менеджері болатын болсам, Жақияновпен келіссөздерді бастап кететін едім. Қазақстандық боксшы Англия жерінде жекпе-жек өткізуге қарсылық білдіреді деп ойламаймын. Оның командасы Англияда орналасқан ғой», — дейді Мендоза.
Айта кетейік, 33 жастағы Хаскинс жеңіл салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуінінің иегері. Бұл атақты ол 10 маусым күні 25 жастағы отандасы Раян Барнетке қарсы жекпе-жекте қорғайды.
Бұған дейін Жақияновтың менеджері Филлип Фондю қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегінде IBF немесе WBC тұжырымдарының чемпиондық белбеуіне таласатынын айтқан еді.
Еске салайық, 33 жастағы Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында 30 жастағы америкалық Роуши Уорреннен (14-2, 4 КО) төрешілердің шешімі бойынша үстем түсіп, WBA (Super) және IBO чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Кейіннен ол өз еркімен IBO чемпиондық белбеуінен бас тартты.