Басты бетЛондондағы терактіні...

Лондондағы терактіні ұйымдастырғандардың есімі анықталды

Қала тұрғындарына шабуыл жасаған үш адам да полицияның қолынан қаза тапты. Олардың үшіншісінің есімі әлі анықталған жоқ.

Полицияның хабарлауынша, Батт Пәкістанның тумасы болса да, британдық паспорты болған. Ал, Редуанның қай жақтан келгені белгісіз. Себебі, ол әр кезде әртүрлі елдердің тумасы екенін айтып, тіпті туған жылы мен айы, күнін өзгертіп отырған.

 

«Полиция Хурам Шазад Батт туралы білетін, бірақ оның шабуыл ұйымдастырғалы жүргенінен ешкім хабардар болған жоқ. Ал, Рашид Редуан туралы ешқандай ақпаратымыз болған жоқ»,- деп хабарлады Скотленд-Ярд.

Олардың хабарлауынша, үш адамның да белінен өзін-өзі өлтірушілердің жасанды белбеуі табылған. Кейбір суреттерде олардың біреуінің кеудесінде қолдан жасалған жарылғыш баллондар бар екені көрінеді.

Сенбі күні кешке автобус Лондон көпірінде кетіп бара жатқан қала тұрғындарын қағып кетті. Кейін одан қолдарында пышақтары бар үш ер адам шығып, адамдарға шабуылдай бастаған. Соңында үшеуі полицияның оғынан мерт болды.

Теракт соңында жеті адамның қаза тауып, 48 адамның жарақат алғаны белгілі болды. Оның 18-і ауыр жағдайда.

Қазіргі кезде терактіні ұйымдастырды деген күдікпен 11 адам ұсталған. Ал, теракт болған ауданды полицей әлі күнге дейін торуылдап жүр.

ДереккөзBbc.com