Басты бет Жаңалықтар Тәуекел Мүсілім тағы бір шетелдік фильмге түседі

Тәуекел Мүсілім тағы бір шетелдік фильмге түседі

«Барлығы жігіттер үшін», «Анамды іздеймін» атты фильмдерде басты рөлді сомдаған Тәуекел Мүслім жақында жаңа фильмге түспекші. Бірнеше ел бірігіп түсіретін фильм «Көкпар» деп аталады.

Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында осы туралы айтылды.

«Анамды іздеймін» фильмінің түсірілім тобы жаңа жоба бастамақшы. Фильм «Көкпар» деп аталады. Бізге жақын екенін сезіп тұрған шығарсыздар?! Сол ұжыммен бірлесіп, киноға түспекпін. Өзге ел туған жеріңдей болмайды. Бірақ, тәжірибемді толықтыру үшін біраз уақытқа қалуға дайынмын», – дейді актер.

Айта кететіні, фильмнің түсірілім жұмыстарының қашан басталатыны белгісіз.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version