Басты бетҚоғамАлимент төлемегендерге...

Алимент төлемегендерге жаза күшейтіледі

Қызылордадағы сот орындаушылар борышкерлермен күресті күшейтіп отыр. Олар баласына алимент төлемей жүргендерді іздеуге арналған рейдті жиілетті.

Тұрақты мекен-жайын жасырып, қашып-пысып жүрген азаматтарды табуға көші-қон полициясы  көмектеседі. Қазіргі таңда әділет органдары мамандары 5 мыңға жуық істі қарап жатыр.

Басты мақсат – борышкердің дүние-мүлкін тартып алу емес, тірі жетім қалған шарасыз балалардың заңды құқықтарын қорғау. Егер бала алдындағы берешек 3 айдан асса, әкімшілік шара қолданылады. Заң талаптарына бағынбағандар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін.

Қалалық алимент төлемдерін өндіру бойынша аумақтық филиал басшысы Әлия Айбосынованың айтуынша, жыл басынан бастап 120 ұсыныс енгізілген. Оның ішінде 17 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, сотқа тиісті алиментін төлемеген жандарды жүргізушілік куәлігінен айыру жөнінде де ұсыныстар жасалды.

Дереккөз24.kz