Apple компаниясы iOS 11 жүйесін таныстырды

Ол биыл күзде шығарылады. Жаңа жүйеде мессенджер арқылы ақша жіберуге, дисктегі орынды үнемдеу үшін файлдарды басқаруға мүмкіндік берілген.

iOS 11-дің тұсаукесері  Сан-Хостағы Дүниежүзілік құрастырушылар конференциясында (WWDC) өтті.

Жаңа операциялық жүйедегі көп талқыланып жатқан жаңалық — файлдар менеджері. Енді қолданушы файлдарды өзі басқара алады.

Бұдан өзге, алдағы уақытта iMessage арқылы төлемдерді жүзеге асыруға болады. Бұл Apple Pay жүйесі арқылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, фотосуреттер мен карталарды өңдеуге арналған бағдарламалар жасалды.

Жаңа iOS күзде іске қосылады.

ДереккөзInform.kz