«Головкин-Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлерді керемет шоу күтіп тұр!», — деп жазды GGG промоутері Том Леффлер.
2016 жылы ашылған бұл спорт кешеніне 20 мың адам сияды.
Геннадий Головкин Лас-Вегаста жекпе-жек өткізіп көрмеген. Ал «Канело» бұл қалада 10 жекпе-жек өткізіпті. Ол Амир Хан мен Хулио Сезар Чавеспен ( кішісі) осы аренада кездескен.