Басты бетҚоғамЕнді зейнетақы...

Енді зейнетақы төлемдерін алдын ала есептеуге болады

Зейнетақыны алдын ала есептеу және кеңес алу үшін Астана қаласы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің бэк-офистеріне жүгінуге, сондай-ақ, қажетті құжаттарды [email protected] электрондық поштасына жолдауға болады.

Қажетті құжаттар: еңбек кітапшасы, білімі туралы диплом, әскери билет, неке туралы куәлік. Сондай-ақ әйел адамдар үшінбалаларының туу туралы куәліктері мен жеке куәліктері керек болады. Жұмыс өтілін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, мұрағат анықтамасын, сот шешімін, оңалту туралы анықтаманы ұсынуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, осы пилоттық жобаны тестіден өткізу — мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсетуге алғашқы қадам.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері зейнетақының алдын ала мөлшері көрсетілетін ақпаратты өтініш электрондық поштаға түскеннен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті. Егер азамат корпорацияның бэк-офисіне жүгінген болса, онда ол мұны сол күні-ақ біле алады.

«Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу үшін бізге келулерін күтіп отырмай, оларды алуға өзімізбастамашылық жасағымыз келетінін бірнеше рет айтқанбыз. Әзірше бұл — біз бастамашылық жасаған  бірінші пилоттық жоба. Сондай-ақ біз клинеттерге олар зейнетақы төлемдерін үйден шықпай-ақ алдын ала есептей алатындарын естеріне саламыз. Болашақта осындай көптеген пилоттар қызметтерді белсенді көрсетуге бағытталатын болады деп ойлаймын», — деді Оспанов.

Оспанов пилоттық жобаның әзірше тек Астанада тестіден өтетінін, ал азаматтар тарапынан оң пікірлер болған жағдайда, Қазақстанның басқа да қалаларына таратылатынын айтты.

Зейнетке шығуына дейін көп дегенде 3 ай қалған азаматтар ғана алдын ала есептеу үшін өтініш білдіруге келе алады.

ДереккөзBnews.kz